From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов (1886, Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы, № 1 ауыл – 1937, Мәскеу облысы) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер.
Жаһанша Досмұхамедов | |||
Досмұхамедов, 1920 жыл | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1918 — 1919 | |||
Ізашары | лауазымы құрылды (Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы ретінде өзі) | ||
Ізбасары | лауазымы жойылды | ||
| |||
сәуір 1918 — 11 қыркүйек 1918 | |||
Ізашары | лауазымы құрылды | ||
Ізбасары | лауазымы жойылды (Алаш Орда Үкіметінің Батыс филиалы үкіметінің төрағасы ретінде өзі) | ||
| |||
13 желтоқсан 1917 — 5 мамыр 1920 | |||
Өмірбаяны | |||
Білімі | Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультеті | ||
Дүниеге келуі | 1887 №1 ауыл, Жампиты болысы, Орал уезі, Орал облысы, Ресей империясы | ||
Қайтыс болуы | 3 тамыз 1938 Бутово полигоны, Лениский ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО | ||
өңдеу |
Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.
Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.
Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсіндірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:
Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды. Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.